Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді қоғамдық қабылдау тобы Қазалы ауданында көшпелі қабылдау өткізді

Мобильді қоғамдық қабылдау тобы Қазалы ауданында көшпелі қабылдау өткізді

Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобы Қазалы ауданында болып, көшпелі қабылдау өткізді. Іс-шара барысында партия өкілдері Қазалы қаласы мен Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдап, өтініштері мен ұсыныстарына назар аударды.

Қабылдауға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев, сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының басшылары мен мамандары және заңгерлер қатысты. Бұдан бөлек, аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, Атқарушы хатшы Нұрғиса Жалғасбаев және мәслихат депутаттары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары да қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қабылдаудың негізгі мақсатына тоқталды.

«Көшпелі қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – ауыл тұрғындарымен тікелей байланыс орнатып, олардың күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастыру. Бүгінгі қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешілуі бойынша қажетті жұмыстар жүргізілетін болады. Өйткені біз, партия мүшелері, халықтың өтініш-тілегін орындауды өзіміздің басты міндетіміз деп санаймыз», – деді Ләйлә Төрешова.

Қазалы қаласында өткен қабылдау кезінде тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, көше жолдарын жөндеу, аяқ су мәселесін шешу мақсатында жаңа су насостарын орнату, тұрақты жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер, көпбалалы аналарға әлеуметтік жеңілдіктер мен көмектер алу, сондай-ақ жаңа жанармай бекеттерін ашу туралы ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, заңгерлік кеңес алу бойынша да сұрақтар түсті.

Ал Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындары үшін ең өзекті мәселе жаңа мектеп салу қажеттігі болып отыр.Сондай-ақ жайылымдық жердің азаюы, ауыл ішілік жолдарды жөндеу, жаңа инженерлік инфрақұрылымы бар аймаққа жол салу, бұлақ қазу және «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тұрғын үй алу мәселелері де қозғалды.

Партия өкілдері әрбір өтініш бойынша нақты түсініктеме беріп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді бақылауға алды. Сондай-ақ қаржыландыру мүмкіндіктері мен бюджет шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобалар жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Көтерілген барлық мәселелердің назардан тыс қалмайтыны атап өтілді.
#AMANAT
24 қазан 2025 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031