Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Белсенді партия мүшелері мереке қарсаңында марапатталды

Белсенді партия мүшелері мереке қарсаңында марапатталды

«Руханият» орталығында 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай салтанатты шара өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеуімбетов, сондай-ақ партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев қатысты.

Мерекелік жиын кітап көрмесін тамашалаудан басталды. Қатысушылар рухани қазынаға толы көрмемен танысты.

Салтанатты жиынның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеуімбетов кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сала үздіктеріне төсбелгі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттар табыстады.

Шара барысында сөз алған партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш кітапхана қызметкерлеріне ізгі тілегін білдіріп, келе жатқан Республика күнінің ел өміріндегі айрықша мәніне тоқталды.

«Кітапханашы – халықтың рухани дүниесін байытып, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын қадірлі мамандық иесі. Сіздер қоғамның мәдениеті мен білім деңгейін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Ал Республика күні – егемен еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі, тәуелсіздік пен бірліктің символы. Мерейлі мереке қарсаңында баршаңызға шығармашылық табыс, отбасылық амандық және толағай табыс тілеймін,» – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.

Шара барысында партия қатарындағы белсенді кітапханашылар мен Республика күніне орай үздік партия мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, партия қатарына жаңа мүшелер қабылданып, оларға партиялық билеттер табысталды.

Мерекелік жиын кітапханашылар мен оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

#AMANAT
24 қазан 2025 ж. 231 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 127

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 83

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 41

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031