Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Орақ батыр мұнарасына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Орақ батыр мұнарасына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жұма күні Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекемесінің қызметкері Бердиев Талғат және ескерткіштерді қалпына келтіру маманы Төлебаев Әнуар Қызылорда қаласынан арнайы іссапармен келіп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен Орақ батыр мұнарасы басына алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, алдын-ала зерделеу мақсатында барды.

Орақ батырдың мұнарасы ХVIII-ХIХ – ғасырларда салынған. Қожабақы аулынан 6 шақырым жерде орналасқан архитектуралық ескерткiш.
Орақ батыр өңірге белгілі Қожаназар Ишанның атасы. Діни сауатты болғанымен, молдалықпен айналыспаған. ХІХ ғасырда жергілікті халықты езгіге салған Хиуа хандығының басқыншылығына қарсы қол бастаушылардың бірі болған. Соғыс кезінде намазын жау келіп қалса да бұзбаған, иманы берік жан болған. Осындай сәтті пайдаланған жау артынан келіп, басын көк желкеден шабады. Кейіннен ағайын-туыстары батырдың басы қиылған жерге белгі ретінде мұнара орнатады. Осы күні, батырдың басы қиылған, Аранды қыратының мұнара орналасқан биік төбесі «Орақтың белгісі» деп атанып кеткен. Мұнараның «Орақтың белгісі» атануы елден қалған әңгіме бойынша, Орақ батырдың басы шабылған сәтте төбеден домалап түсіп ешкім таба алмай қалады. Қыраттан домалаған бас бір жылдан кейін табылып, содан кейін белгі қойылды.
Қазіргі таңда, ескерткіш мемлекет қорғауына «Орақ батыр мұнарасы» атауымен есепке алынған. Астыңғы бөлік кірпіштері сөгіліп, бір жағына қарай сәл қисайған. Облыс мамандарымен әңгіме барысында аталмыш тарихи ескерткішке таяу арада облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының ықпалымен облыстық бюджеттен қаржыландыру арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде сөз қозғалып,талқыланды.
Сондай-ақ сапар барысында, жеке азаматтар тарапынан мұнараға ішін-ара жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұратындығы байқалды. Осы ретте, аудан халқына мемлекет қарауындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге мемлекеттік құзырлы органдардың келісімінсіз қандайда бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚР заңдарымен тыйым салынатындығы жөнінде ескерткіміз келеді. Себебі, тарихи ескерткіштерге жөндеу жұмыстарын тиісті заңдылықтары мен тарихи құндылықтарын сақтай отырып жүргізу қажет. «Ескерткіштер-елге мұра» демекші өткенімізден сыр шертетін бұл секілді асыл мұралар белгілі бір адамдар тобына емес ең әуелі жалпақ жұртқа ортақ қазына болып табылады.
15 наурыз 2020 ж. 2 353 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930