Қазалық мемлекеттік қызметшінің бейнеролигі үздік шықты

Іс-шараның мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Қазақстанның сакралды географисы» жобасын насихаттау.
Конкурс нәтижесі бойынша Қазалы ауданы, Көларық ауылдық округінің жетекші маманы Табынбай Жаңбырбай жүлделі 1 орынды, Шиелі ауданы, Шиелі кенті әкімі аппаратының жетекші маманы Заманбек Берікқара 2 орын, Сырдария ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ербол Булебаев 3 орын иеленді.
Жеңімпаздарды марапаттау барысында департамент басшысы Абзал Мұхимов облысымыздың маңызды, сакралды орындары мен киелі жерлері – бұл өлкемізідің баға жетпес тарихы, өз жеріне құрметпен қарауды және патриоттық сезімді қалыптастырудың негізі. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер бірінші болып өңірімізде едәуір көп ғажап орындар бар екендігін көрсету керек, себебі бұл өз кезегінде, біздің азаматтармен қатар шетелдік туристердердің қызығушылығын тудыратындығын айтып өтті.
Конкурс 2017 жылдың 23-29 қарашасы аралығында өтті. Конкурсқа қатысуға ауылдық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жас мемлекеттік қызметшілерінен 7 сұраным түсті. Мемлекеттік қызметшілермен өз аудандарындағы сакралды нысандары және киелі жерлері туралы әңгімеленген бейнероликтер ұсынылды.
Барлық бейнероликтер департаменттің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланып, жеңімпаздарды фейсбук жазылушылары ашық дауыс беру арқылы анықтады.
Конкурстың жеңімпаздары мен қатысушыларына грамоталармен естелік сыйлықтар табысталды.