Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ АСПАНЫ

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ АСПАНЫ

Қараша айының 30 күні Әйтеке би кенті әкімі аппаратының «Кенттік клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай мәдени шара өтіп, «Балалық шағымның аспаны» атты фильмі көрсетілді.
Шара Ұлы Қазақ даласының көшбасшысы, түркі халқының арда ақсақалы Н.Ә.Назарбаевтың елі мен жері үшін жасаған ерен еңбектері мен сарабдал саясатын насихаттаудан бастау алды. Әсем әндер шырқалды.
Одан әрі, мәдени шараға жиналған оқушыларға викториналық сұрақтар қойылды. Елбасының туған жылы, туған жері, мамандығы сияқты сұрақтарға балалар белсенді жауап беріп отырды.
Жиын соңында Тұңғыш Президенттің балалық шағы мен өмір жолы жайында түсірілген Рүстем Әбдірашовтің «Балалық шағымның аспаны» фильмін көрермен назарына ұсынылды. Тәрбие мен тағылымға толы фильмді ауданымыздың мектептерінен жиналған оқушылар тамашалады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
30 қараша 2017 ж. 3 324 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды