Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қайырымдылық – жылы жүректен

Қайырымдылық – жылы жүректен

Сәрсенбінің сәтті күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында мүмкіндігі шектеулі жандармен "Қайырымдылық – жылы жүректен" атты кездесу кеші болды. Кешті кітапханашы Бибігүл Күзенбаева жүргізді.
Шараны ашу үшін сөз кезегі аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Әлімжан Қияс пен  аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Нұржан Ерғараевқа берілді. Сонымен қатар, Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың кітапханашысы Пернегүл Қошқарова қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді . Ол өз кезегінде кітапхана ұйымдастырған шараларға белсене араласып жүрген бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандарға Алғыс хат табыстап, сыйлықтар үлестірді.
Кездезу кешінің бір бөлігі аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы, жас өнерпаз Серікбол Шайықовтың шығармашылығына арналды. Жас ақын өзі шығарған өлеңдерімен қатар баян аспабымен патриоттық сарындағы әндерін орындап, көрермен қошеметіне ие болды.
Дөңгелек үстел басындағы кездесуді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бөлім меңгерушісі Зоя Мұстафаева қорытындылады. Ол шараға жиылған жұртшылыққа алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
10 қаңтар 2018 ж. 2 238 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 59

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031