Жаңа жыл- Жаңа үміт, жаңа арман

Мерекелік кешті округ әкімі ашып мерекеге қатысушыларды құттықтады. Ауылдық мәдениет үйінде Жаңа жылдық мереке Тәуелсіз елдің өрендері саналатын бүлдіршіндерге жүздеріне бақыт нұрын ұялату, Аяз ата мен Ақшақардың сыйлықтарын үлестіру мақсатында ұйымдастырылды. Ертеңгілікке қатысушылар көңілді күйде шыршаны айнала ән салып би биледі. Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Садуов, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Бекжанова көп балалды отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ақ тілектерін жеткізіп, бақыт тіледі. Өмірде мойымауға қай жерде де олардың қоғамда алар орындары бар екенін, алда әліде асуларды бағындыратындарына сенім білдірді. Ертеңгіліктің бүгінгі кейіпкерлеріне арнап Жазира Әбдібаева, Қарлығаш Көзімай, Ажар Зәңгір, Айгүл Төлебаева, Н.Қазиев және т.б. өнерпаздар әннен шашу шашты. Ертеңгілікке қатысушыларға Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Темір ҚАПАРОВ,
Бекарыстан би ауылы.