Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Елге тағзым" акциясы

"Елге тағзым" акциясы



Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде 9-желтоқсан күні Қожабақы ауылдық Мәдениет Үйінде Қазалы аудандық Білім Бөлімі кəсіподағы ұйымы мен №25 мектептің ұйымдастыруымен "Елге тағзым" акциясы аясында Қожабақы топырағында дүниеге келіп, қазіргі таңда аудан мектептерінде ұстаздық қызмет жасап жүрген Анар Әділова мен Құралай Асаубаеваның шығармашылық ән кеші өтті.
Әуезді əнмен бейнеленген əсерлі кеште Аудандық Білім Бөлімі кəсіподағы ұйымының төрағасы Ә.Роман жиналған жұртшылықты алда келе жатқан ҚР Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, ҰБТ-де оқушылары жоғары ұпайлар жинап, кәсіби-шығармашылық байқауларда жеңімпаз атанып, оқушылары аудандық, облыстық шараларда түрлі жүлделерге ие болып жүрген №25 мектептің мұғалімдері Д.Нашен, Б.Мамен, Г.Раймды Аудандық Білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Кеш соңында №25 мектеп ұжымы осы игілікті істі ұйымдастырушыларға үлкен алғысын айтып, сый-сияпат тапсырды. Әнсүйер елдің алдына, ауылына күнде келе бермейтін, дегенмен осындай атаулы шарада ауылынан табылып, туған елге деген перзенттік пейілін, ықыласын өнерімен жеткізген әншілерге халық ризашылығына бөленіп жүре беріңіздер деп тілек білдіреміз!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
11 желтоқсан 2017 ж. 2 111 0

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 8

"Ғасыр куәсі" жобасы

13 ақпан 2025 ж. 184

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728