Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Күмбірле, қазағымның қазынасы

Күмбірле, қазағымның қазынасы

1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Қазалы қаласындағы ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде «Күмбірле, қазағымның қазынасы» атты әдеби-сазды шара өткізілді. Шараны музей жанынынан құралған «Өнеге» бірлестігінің төрағасы Мәлкайдар Дүйсен ашып, домбыраның қадір-қасиеті жөнінде мәліметтерді тілге тиек етті.
Шарада ұлттық аспап домбыраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, талантты жан, домбыра жасаушы шебер Ерболат Қанатбай қонақта болып, домбыраның жасалу ерекшелігін айтты. Жыраулық өнер қанына біткен республикалық жыршылар сайысының лауереаты Кеңес Ерболатұлы жырдан шашу шашса, ұстаздар Жаңагүл Асаубаева, Кемаладин Берденов пен қалалық мәдениет үйінің қызметкері Едіге Айдаров, жас ғанитанушы Диас Ілияс күй тартып, терме, ән орындады. Шараны музей директоры Роза Шорақызы қорытындылап, музей қызметкерлерінің жинақтауымен шыққан кітаптарды қонақтарға табыс етіп, Ермекбай Жұбаниязов ата батасын берді. Музейге жиналғандар «Мәңгілік елдің асыл мұраты» атты апталық көрмені көріп, домбыраның шығу тарихымен, түрлерімен, құрылысымен, қазақ халқының күйшілерімен танысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.


02 шілде 2018 ж. 1 216 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031