Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Шығыстың жарық жұлдызы" атты жылжымалы көрме Ақтөбе облысында

"Шығыстың жарық жұлдызы" атты жылжымалы көрме Ақтөбе облысында

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей, Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.
Осы шақта өңіраралық өзара әріптестігімізді нығайтып, барымызды бағалап, жоғымызды түгендеу арқылы көршілес Ақтөбе облыстық музейлерімен және Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі арасында келісім жасалған болатын. Осы екі облыс арасындағы шығармашылық байланыс аясында Ә.Молдағұлованың мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық өнер музейінде Шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған «Шығыстың жарық жұлдызы» атты жылжымалы көрме салтанаты түрде ашылды. Көрменің ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының бөлім басшысы Мақсұтова Жанар Тұрғанбайқызы, Қызылорда облысы, Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Лайық Айгүл Бөкенбайқызы және Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің директоры Асанова Роза Шорақызы құттықтау сөздерін сөйлеп, Ғани Мұратбаевтың музейі атынан естелік сыйлықтарын табыс етті. Шараға Ақтөбе қаласының зиялы қауым өкілдері, мектеп ұстаздары және №21,39 көркем сурет лицейінің оқушылары, мәдениет қызметкерлері мен музей достары қатысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 

12 сәуір 2018 ж. 2 020 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930