Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәңгілік жас Ғани

Мәңгілік жас Ғани

15 сәуір - Шығыстың жарық жұлдызы, Қазалы топырағының даңқты перзенті, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың өмірден озған күні. Қайтқан күніне байланысты Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі қалалық мәдениет Үйімен бірлесіп, қалалық мәдениет Үйінде «Мәңгілік жас Ғани» атты еске алу рәсімін өткізді. Еске алу рәсімі ақын Ж. Мәкеналының «Мен Ғанимын» атты өлеңіне дайындалған прологпен басталды.
Шараға Қазалы қаласы әкімінің бас маманы Ө. Өтегенов, «Жастар ресурстық орталығы» аудандық бөлімінің директоры О. Ахметов, «Қазалы» газетінің жауапты хатшысы, ақын, облыстық Ғани Мұратбаев атындағы сыйлықтың алғашқы иегері Е. Табынбаев, зейнеткер –ұстаз Қ. Саниязов қатысып, Ғанидың жалынды жолымен жігерлі істері туралы жастарға ой салар келелі әңгімелер айтты. Аудан орталығындағы «Қожаназар Ишан» мешітінің молдасы Сәндібек Ерназаров Ғани рухына арнап құран бағыштады. Шараны музей директоры Р. Асанова жүргізіп, Ғанидың өмірі мен қоғамдық қызметіне шолу жасады. Шара соңында 2012 жылы Ғани Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толу құрметіне түсірілген «Ғани» атты деректі фильм көрсетілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
17 сәуір 2018 ж. 2 689 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 123

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31