Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Өнеге» жұмысын бастады

«Өнеге» жұмысын бастады

Наурыз мерекесі қарсаңында Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында рухани-тағылымдық шара өтті.
Жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің бастауы болған әз-Наурыз мерекесіне жиналғандар алдымен музей экспозициясымен танысты.
Дастарқан басында наурыз көжеден дәм татылып, өнегелі өсиеттер мен әсерлі әңгімелер айтылды. Қазалы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Көланов, еңбек ардагерлері К.Баймұратов, М.Дүйсенов, Ө.Күлімбетов, ардагер-ұстаз Қ.Саниязов терең тарихтан сыр шертіп, жас буынға тарихи орындардың киесін сөз етсе, батагөй ақсақал Ермекбай қария бата берді. Қалалық мәдениет үйінің өнрапазы Едіге Айдаров жыр-термеден шашу шашып, тыңдармандар көңілін серпілтті.
Осы күні музей жанынан құрылған «Өнеге» бірлестігі өз жұмысын бастады. Бірлестікке үш буын өкілдері топтастырылды. Алдағы жұмыс жоспарын жинақтаған бірлестік мүшелері аудан аймағындағы тарихи орындарға сапар шегіп, батыр, билер, шешендер, тарихи тұлғалар туралы тың деректер қорын жасақтауды көздеп отыр.
Шара соңында музей директоры Р.Асанова қонақтарға алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ.


20 наурыз 2018 ж. 1 413 0

19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз 2024 ж. 41

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031