Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік оқырман анықталды

Үздік оқырман анықталды

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне» байланысты «Кітап. Ұлттық рух. Замана тынысы» атты «Үздік оқырман-2018» жас оқырмандар байқауы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы мектептер арасында өтікізілді. Барлығы 11 мектеп қатысқан бұл шараның мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегілікке тәрбиелеу, сондай-ақ жастарды кітап оқуға шақыру, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту.
"«Үздік оқырман-2018» жас оқырмандар байқауы биыл біздің кітапханамызда үшінші рет өткізілді.
Сайысты бақылап, оған әділ баға беретін қазылар алқасының төрағасы халыққа білім беру ісінің үздігі, кітапхананың тұрақты, әрі белсенді оқырманы, ардагер ұстаз - Бекетов Қадырбек, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы - Нұржаубаев Ерлан, аудандық оқушылар Үйінің бұқаралық бөлімінің меңгерушісі - Зарипова Бақыткүл, аудандық білім бөлімінің атынан Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің мұғалімі Тәжікенова Жазира, аудандық орталық кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Бекетаева Роза қазылық етіп, әділ бағасын берді.
Шараға барлығы 11 мектептен қатысқан оқырмандар: Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің 9 сынып оқушысы - Ашықбай Мөлдір, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің 10 сынып оқушысы - Ұлықбаш Толқын, №170 орта мектептің 10 сынып оқушысы - Оңталапова Анеля, №266 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы - Жасан Аружан, Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің 9 сынып оқушысы - Байқадамов Нұржан, С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің 10 сынып оқушысы - Қаразым Аяжан, Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы - Шынтемір Айзат, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы - Ізтілеуова Жанетта, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің 11 сынып оқушысы - Байкенже Нұргүл, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің 11 сынып оқушысы - Әнуарбекқызы Ақбота, М.Горький атындағы №16 орта мектептің 8 сынып оқушысы - Зұлқарнай Аяулымдар өзара бақ сынасты.
Аталмыш шара аясында Ізтілеуова Жанетта, Ұлықбаш Толқын, Әнуарбекқызы Ақбота, Шынтемір Айзат, Оңталапова Анеля, Байкенже Нұргүл алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, ІІІ орынды Жасан Аружан, Қаразым Аяжан, ІІ орын Ашықбай Мөлдір, І орынды Байқадамов Нұржан, Бас жүлдені М.Горький атындағы №16 орта мектептің 8 сынып оқушысы - Зұлқарнай Аяулым иемденді. Қатысқан барша талапкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кешті аудандық орталық кітапхананың директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, қатысқан барша оқырмандарға жүрекжарды лебізін білдірді. Шараға барлығы 60 оқырман қатысып тамашалады.
Байқауда бақ сынаған жас оқырмандарға «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
23 сәуір 2018 ж. 4 375 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 77

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930