Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ән әлемінің Ақбаяны

Ән әлемінің Ақбаяны

Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының халық әртісі, өнер әлемінің Ақбаяны аталған Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағынам» атты ән кеші болып өтті.
Әуелі әншінің рухы бір минут үнсіздікпен еске алынып, Мәдинаның концерттік бағдарламасынан жиі орын алған «Ақбаян» әнін «Атамұра» халықтық ансамблінің солисті Шамшагүл Захарова нақышына орындады. Көңілді кешке аудан көлеміндегі ауылдардан өнерпаздар шақырылып, Мәдинаның әндерін шырқады. Атап өтер болсақ, Жанқожа ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қаршыға Қалымбетов «Кірмеші жиі түсіме», «Наз» атты әндерді орындаса, Ақтан батыр ауылдық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Ақниет Әбуов «Күрең күз» әнін айтты. Ал, Ғ.Мұратбаев ауылының кішкентай өнерпазы, №91 мектептің оқушысы Медина Жолмағанбет «Сыбызғы саз сырнай» әнін әуелетті. Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінің техникалық қызметкері Гүлхан Оңғарова «Достарым» әнін құйқылжыта орындап, көрермендер қошеметіне бөленді.
Мәдинаның ата-анасының көзін көрген, әншімен бірге ойнап өскен замандасы Базаркүл Сейтнесова қызықты оқиғаларымен бөлісіп, естеліктерін айтты.
Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Абай Рыстығұл сөз сөйлеп, жерлесіміз, өнер жұлдызының атағы мәңгілік өшпейтініне тоқталып, өнерпаздарға ризашылығын білдірді.
А.ҚИЯС,
Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.
12 желтоқсан 2017 ж. 2 202 0

1 сәуірге валюта бағамы

01 сәуір 2026 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930