Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Есіңе мені алғайсың....

Есіңе мені алғайсың....



Халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, ән өнерінің Ақбаяны Мәдина Ералиеваның есімі елінің есінен ешқашан өшкен емес. Өмірден ерте кеткен әншінің бойынан қазақ қызына тән сұлулық, әсемдік, ибалылық иісі аңқиды. Жадыраған жазда дүниеге келіп, қоңыр күзде өнер сүйер қауымды күңірентіп кете барған жезтаңдай әншінің әндерін тыңдармандар сүйіп тыңдайды.
Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінде ҚР Еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Мәдина Есмалайқызы Ералиеваны еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында ән байқауы өтті. Байқау 5-8 сынып оқушылары арасында талантты өнерпаздарды табу, сахнаға баулу, мерекелік шараларға, аудандық байқауларға қатыстыру, Мәдина әндерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Өнерлі талапкерлердің өнерін №24 мектептің психологы, ән-әуез пәнінің мұғалімі Тайып Балымбетов, қосымша білім беру педогогы, ән-әуез пәнінің мұғалімі Оразбай Темірхан бағалады.
Байқау шарттарына сәйкес әншілердің әнді нақышына келтіре орындауына, сахнада өзін ұстай білуіне аса мән берілді. Нәтижесінде бас жүлде 7 «б» сынып оқушсы Еңлікгүл Матығұлға бұйырды. Ол Мәдинаның орындауындағы «Есіңе мені алғайсың» әнін шырқап, көрермендерді тәнті етті. Бірінші орынды 8 «а» сынып оқушысы Әнел Байғали, екінші орынды 7 «б» сынып оқушысы Қарақат Ақеділ алды. 6 «а» сынып оқушылары Гүлайым Мейрімханқызы мен Айзат Төлеген үшінші орынды иеленді.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ.


04 желтоқсан 2017 ж. 2 258 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930