Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сахна сәні – асыл әжелер

Сахна сәні – асыл әжелер

Топырағында жыр мен сыр тұнған қасиетті Қазалы – қос ішекті домбыраның құлағында ойнайтын, күмбірлете күй төгіп, жауһар жырды да нақышына келтіре орындайтын өнерпаздар өлкесі. Құлақтан кіріп, бойды алар әсем әуенді әуелете шырқап, тыңдарманды ұлттық өнермен сусындатып, рухани байытып жүрген өнерлілер қатарында ақ жаулықты аналардан құралған «Өнеге» үйірмесі де бар. Шағын ұжымға ҚР Мәдениет саласының үздігі Галя Оспанова жетекшілік етеді.
Өмірін өнерімен өрнектеген мәдениет саласының майталманы Галя Оспанованың таланттар өлкесінде қанат қаққанына қырық жылдан асты. Талайдан бері сахнаның сәніне айналып, әсем үнімен тыңдарман жүрегін жаулаған оның өмір жолы көпке үлгі. Қазалы аудандық мәдениет орталығы жанындағы мәдениет үйінің сүйемелдеушісі қызметін атқаратын өнерпаз қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, қашанда мәдени-көпшілік іс-шаралардың бел ортасынан табылады. Бір бойына бірнеше істі тоғыстырған ол концерттік бағдарламалар дайындап, сценарий жазады. Көрерменге ұсынылатын әрбір рухани азық мазмұнға толы, мәнге ие болуына ерекше зер салады.
Ешқашан болдым, толдым демейтін ізетті жан ізгілікті іске ұйытқы болуға әрқашан дайын. Үйірме 2012 жылдан бастап тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Алғаш үйірмеге ҚР Мәдениет салсының үздігі Гүлнәр Төребекова жетекші болды. 2013 жылы облыста өткен «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Үйірме мүшелері зейнет жасында болса да тынбай еңбек етеді. Әр аптаның бейсенбі, жұма күндері бас қосып, алдағы ­жоспарды талқылайды, кезекті өнер кешіне дайындалады.
– Мақсатымыз зейнеткерлікке шыққан әжелерді қоғам ортасына тарту. Бүгінгідей санамызды сөзі сұйық, мағынасы таяз әндер жаулап алуға шақ қалған заманда аналарымыздың тағылымы терең, мәні зор, халқымыздың ұлттық бет-пердесін көрсететін құндылығы жоғары әуендерді шырқап, елдің жүрегіне жеткізе білуі кейінгі толқынға үлгі-өнеге деп білемін, – дейді үйірме жетекшісі Галя Оспанова.
Құрамында Майра Қазбекова, Ұлжан Ахметова, Нағима Қарымсақова, Бақыт Зарипова, Набира Момбекова, Гүлнәр Рысмаханова, Жадыра Садықова, Роза Елекеева, Рсалды Бержанова сынды ақжаулықты аналар бар үйірме репертуарында халық әндері мен республикаға белгілі және жергілікті композиторлардың шығармалары орын алған. Қос етек көйлек пен қазақы ою-өрнекпен нақышталған сахналық киім киген әнші әжелердің сәнін ақ кимешек одан әрі нұрландырып, жарқыратып жібереді. Олар ауданымызда өткізілетін кең көлемді ауқымды шараларда өнер көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Өнерпаз аналар аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, шеберлігін шыңдау үстінде. «Өнеге» әжелер үйірмесінің сүймелдеушісі Мұрат Әділовтің де еңбегін айтпай кетуге болмайды.
Қазіргі таңда үйірме мүшелері репертуарын кеңейтіп, алдағы жоспарланған мәдени шараларға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
19 мамыр 2020 ж. 2 022 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930