Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Сейхун" этно-рок ансамблі

"Сейхун" этно-рок ансамблі

Өткен жылы Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы жанынан орталық директоры Кемеңгер Өтептің ұйытқы болуымен «Сейхун» этно-рок ансамблі құрылды.

Топ жетекшісі Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, сазгер – Кемеңгер Өтеп. Ансамбль құрамында түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын сегіз өнерпаз бар. Клавиште Руслан Құлмырза, гитарис­тер Кемеңгер Өтеп, Өмірзақ Жанболат, бас гитарист Тұрар Сәдуақас, барабаншы Мұрат Әділ, қобызшы Әсел Серғазы, домбырашылар Балқыз Өмірзақ пен Рүстем Шөмекей.
Ұлттық өнерді, ұлттық аспаптарды заманауи үл­гіде, вокалды инструменталды аспаптармен қоса отырып, халыққа насихаттау мақсатында құрылған топ тыңдарманның сүйіктісіне айналып үлгерді. «Сейхун» этно-рок ансамблі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Қазалы ауданының 90 жылдығына орай Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Дала үні» атты ұлт-аспаптар ансамбльдерінің байқауында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мереке» вокалды-аспапты ан­самблі­нің 30 жылдық мерейтойына арналған облыстық байқауында үздік өнер көрсетіп, бірінші дәрежелі диплом иеленіп, лауреат атанды.
– Өздеріңіз білетіндей, Сырдария – Орталық Азиядағы өзен. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» деп аталған. Міне, ансамбль атауы қайдан шықты дегенге жауап. Ансамбль қоржынында «Ел үшін туған ер болсаң» әні мен Мырзаның «Мерке», Жалдыбайдың «Қара жорға», Құрманғазының «Адай», тағы басқа күйлері бар. Қазіргі таңда Жастар жылына орай және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында жеке концерттік бағдарлама өткізуге дайындық үстіндеміз, – дейді ансамбль жетекшісі.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
21 мамыр 2019 ж. 2 370 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031