Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркі әлемін тоғыстырған – Сыр елі

Түркі әлемін тоғыстырған – Сыр елі

Жастар жылы аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен түркі тілдес елдер жастарының «Түркі әлемін тоғыстырған – Сыр елі» атты халықаралық фестивалі өтті.

Шараның мақсаты – түркітілдес елдер жастарының қарым-қатынасын нығайту, ортақ тарихы мен рухани құндылықтарын насихаттау, жастар саясатында оң бастамалар бойынша жас буынның басын қосып, тәжірибе алмасу, ішкі туризмді дамытуға жаңа мүмкіндік ашу және қасиетті өлке Сыр елінің тарихымен таныстыру.
Үш күнге жалғасқан фестивальдің алғашқы шымылдығын түркі тілді бес елден келген 10 жас ашты. Олар Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстанның сыршыл əуендерін Сыр елі аспанында әуелетті. Облыс əкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов ұлттарды ынтымақтастыққа ұйыстырған өнер фестиваліне қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі. Қасиетті Қорқыт баба кесенесі маңына жиналған көрерменге Грузия, Татарстан, Əзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Якутия, Башқұртстан, Өзбекстан елдерінен келген өнерпаздар өз елінің өнерін ұсынды.
Олардың қатарында қазалылық «Сейхун» этно-рок ансамблі де бар. Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы жанынан орталық директоры Кемеңгер Өтептің ұйытқы болуымен құрылған ансамбльдің құрамында түрлі музыкалық аспапта ойнайтын жеті өнерпаз бар. Клавиште Руслан Құлмырза, гитаристер Кемеңгер Өтеп, Өмірзақ Жанболат, барабаншы Мұрат Әділ, қобызшы Әсел Серғазы, домбырашылар Балқыз Өмірзақ пен Тұрар Сәдуақас. Топ жетекшісі Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, сазгер – Кемеңгер Өтеп. Этно-рок бағытындағы ансамбль айтулы шарада Құрманғазының күйі «Саранжапты» орындап, көпшілік құрметіне бөленді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
24 қыркүйек 2019 ж. 1 784 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930