Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қолөнер – сырлы өнер

Қолөнер – сырлы өнер

Аудандық балалар кітапханасы аудандық оқушылар үйімен бірлесіп «Қолөнер – сырлы өнер» атты шеберлік сағатын өткізді. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлттық қолөнер үлгілерімен таныстырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету болып табылады. Сонымен қатар өскелең ұрпақты әсемдікке баулып, эстетикалық ой-өрісін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеуді меңзейді.
Шеберлік сағатында аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Примбетова қолөнерге байланысты дайындаған туындысын оқыса, қолөнер үйірмесінің мұғалімі Жанар Ілиясова  қолөнер бұйымдарының жасалуын атап өтті.
Іс-шара барысында кітапханашылар оқушыларды қолөнер туралы қордағы кітаптармен таныстырып өтті. Қазақтың кесте өнері, ою-өрнек, әшекей бұйымдарының қалай жасалатынын оқыған балалар өз ойларын ортаға салды.
Кеш соңында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Айтжанова оқушылар үйінің үйірме жетекшілеріне аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің атынан «Алғыс хат» табыстап, балаларға ұлттық қолөнеріміздің шебері бола берулеріне тілектестік білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
24 ақпан 2020 ж. 3 774 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031