Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Елордада түнгі температура -7 градусқа дейін төмендесе, Алматыда жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
Алдағы үш күнде Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болып, тұман түседі. Ал Астанада жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, түнде ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 
Астана
11 қарашада елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде -5–-7, күндіз -1…+1 градус.
12 қарашада да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -4–-6, күндіз -1…+1 градус болады.
13 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы -2–-4, күндіз 0…+2 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы
11 қарашада оңтүстік астанада күн бұлтты болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, кей уақытта оның қатты болуы мүмкін. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 3–8 метрге жетеді. Кей уақытта жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус болады. Күндіз температура одан әрі төмендейді.
12 қарашада көшпелі бұлт шығады. Түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, тұман болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы 0…+2, күндіз +5…+7 градусқа дейін көтеріледі.
13 қарашада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -1–-3, күндіз +5…+7 градус болады.
Шымкент
11 қарашада Шымкентте күн бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, тұман басады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетіп, екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус болады. Күндіз температура одан әрі төмендейді.
12 қарашада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде ауа температурасы -1–-3, күндіз +7…+9 градусқа дейін көтеріледі.
13 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде ауа температурасы -1–-3, күндіз +5…+7 градус шамасында болады.



11 қараша 2026 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30