Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертегі сыр шертеді

Ертегі сыр шертеді

№249 Е.Бозғұлов атындағы мектеп-лицейдің кітапханасында, аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Ертегі, ертегі сыр шертеді " атты таңертеңгілік болып өтті.
Орыс педагогі А.В.Сухомолинский: «Ертегі – халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі» - деп орынды айтқан. Таңертеңгілікте Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Айна Айтжанова балаларды жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирендіретін, тәрбиелі болып өсуіне сәби кезінен септігін тигізетін халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны ол – ертегі екенін. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып- өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнелене келе, қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – ертегі екенін айтып өтті. Кітапханашы Динара Алдақиярова балаларды ертегі кітаптарымен таныстырып, ертегілер оқып берді. №249 Е.Бозғұлов атындағы мектептің кітапханашысы Нұржанова Шамшырақ таңертеңгілікке арналған көрмемен таныстырып, кітапхана қызметкерлеріне рахметін айтты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 

04 сәуір 2018 ж. 3 366 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 152

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 153

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 126

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 129

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031