Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерлігі дастан, елдігі асқан – Қазақстан

Ерлігі дастан, елдігі асқан – Қазақстан

Аудандық балалар кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай «Ерлігі дастан, елдігі асқан – Қазақстан» атты жас суретшілер сайысы болып өтті. Оған Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп, Қ.Сəтбаев атындағы №216 мектеп, 266 мектеп-лицей, Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназия оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Онда Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Дәурен Сәрсенбаев оқушыларға сайыс шарттарын таныстырып, жас талапкерлерге сәттілік тіледі. Мектеп кітапханашылары: М.Садық, А.Қожагелдиева, Л.Әбдіраманова еліміздің әр азаматы үшін маңызы бар тарихи күнде туымыз асқақтай берсін деп ыстық лебіздерін білдірді.
Жарысқа қатысқан оқушылар: Н.Байқадамов, Е.Нұржан тәуелсіздікке арналған ақын жазушылардың өлеңдерің жатқа оқыса, А.Тілектес халық туындысы «Қапы», Құрманғазының «Шынаяқ» күйін тартты.
Бас жүлдені Қ.Сəтбаев атындағы №216 мектептің оқушысы Алтынбек Рамазан иеленсе, бірінші орынды Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназиядан Есқара Сабыржан жеңіп алды. Екінші орынға Ж.Жабаев атындағы №234 мектептен Жарас Ұлжан жайғасты. Ал №266 мектеп-лицейдің оқушысы Ақбаян Назарова үшінші орынды қанағат тұтты.

Д.АЛДАҚИЯРОВА,
аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы.
18 желтоқсан 2017 ж. 1 837 0

Еңбегі елеулі мамандар

13 мамыр 2025 ж. 55

ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚАНЖЫҒАДА

13 мамыр 2025 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031