Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жарайсың, Жанайым!

Жарайсың, Жанайым!

Әйтеке би кентідегі «Аида» жеке балабақшасының жас тәрбиеленушісі Жанайым Ноғайбай Алматы қаласында өткен «Мәңгілік ел алыптары» республикалық рухани-патриоттық байқауына қатысты.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған дүбірлі додада ол көркем сөз жанры бойынша ақынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін оқыды. «Талаптыға нұр жауар» дегендей қазылар алқасының талғамынан шыққан Жанайым бас жүлдені қанжығасына байлады. Сөйтіп Халықаралық байқауға тегін қатысу үшін Ташкент қаласына жолдама алды.

Рухани-патриоттық байқауға қолдау білдіріп, тәрбие және өнер мен білім саласындағы дарындардың шеберлігін шыңдауға қосқан үлесі еленген балабақша меңгерушісі Алия Машенбаева Алғыс хатпен марапатталды. Жанайымға жетекшілік етіп, талантын шыңдаған тәрбиешісі Анар Арықбаева «Үздік педагог» дипломын иемденді. Халықаралық байқауда да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіске жет, Жанайым!

Мәншүк АРЗАХМЕТОВА
21 қаңтар 2020 ж. 1 265 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031