Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда туберкулезден көз жұматындар саны азайды

Қазақстанда туберкулезден көз жұматындар саны азайды

Қазақстанда туберкулезден көз жұматындар саны азайдыЖИ
Қазақстанда туберкулезге шалдыққандар мен осы аурудан көз жұмғандар саны жыл сайын азайып келеді. Тәуелсіздік жылдарында туберкулезді жаңадан жұқтырғандар саны 82 пайызға, ал осы дерттен қайтыс болу көрсеткіші 97 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, дәрігерлер емдеу мерзімін біртіндеп қысқартып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы елімізде туберкулезге шалдығу көрсеткіші 9,9 пайызға, ал осы аурудан қайтыс болу көрсеткіші 10 пайызға төмендеген.
Министрлік мұндай нәтижеге ауруды ерте әрі дәл анықтау, заманауи дәрі-дәрмектерді қолдану және мемлекет кепілдік берген тегін емнің қолжетімді болуы арқасында қол жеткенін атап өтті.
Бұл мәселелер Алматыда өткен халықаралық конференцияда талқыланды. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және басқа да елдердің мамандары қатысты.

Емделу мерзімі қысқарып жатыр

Қазақстанда туберкулезді қысқа мерзімде емдеудің жаңа тәсілдері біртіндеп енгізіліп жатыр.
Атап айтқанда, әдеттегі дәрілерге бой бермейтін туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастарды емдеу үшін BPaL және BPaLM деп аталатын жаңа әдістер қолданылады. Бұл тәсілдер науқасты ине салмай, алты ай ішінде емдеуге мүмкіндік береді.
Бұрын мұндай ем әлдеқайда ұзақ уақытқа созылатын. Ал жаңа әдістер емделу мерзімін қысқартып қана қоймай, науқастарға түсетін ауыртпалықты да жеңілдетеді.
Алдағы уақытта туберкулезді емдеу мерзімі бұдан да қысқаруы мүмкін.
Халықаралық «1×1×1» стратегиясы үш мақсатты көздейді: ағзада жасырын жатқан туберкулез инфекциясын бір күнде, белсенді туберкулезді бір айда емдеу және жаңа емдеу тәсілдері мақұлданғаннан кейін бір жыл ішінде оларды науқастарға қолжетімді ету.
Бұл әзірге болашаққа қойылған мақсаттар.
01 қараша 2026 ж. 53 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30