Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алпамыс» алған алты бас жүлде!

«Алпамыс» алған алты бас жүлде!

   Әйтеке би кентіндегі № 21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы ұжымының жас тәрбиеленушілерге тағлымды тәрбие берудегі озық іс-тәжірибесі көпшілікке жақсы мәлім. Білікті педагог Эльмира Нұрмағанбетова басшылық жасайтын аталмыш балабақша қызметкерлері мен мамандары баулыған кішкентай өнерпаздар түрлі деңгейдегі өнер сайыстарында да алдыңғы лектен табылуда. Осындай жағымды жаңалық күні кеше тағы да көрініс тапты. Бұл жолы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушілері ауқымды байқаудан алты бірдей бас жүлдені иеленіп, көпшілікті тәнті қылды.
   «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі ел – Қазақстаным» атты Қызылордада өткізілген оқушылар мен жасөспірімдер фестиваліне қатысқан Нұрдәулет Сатыбай, Айсель Олжабек, Жадыра Көптілеу, Інжу Темірбек, Ақбота Жанұзақ, Медина Жанәбіл «вокал», «көркем сөз», «би» жанры бойынша жоғарыда атап өткендей бас жүлдені иеленсе, №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасынан тәрбиешісі Райкүл Алғазиева, педагог ұйымдастырушы Меруерт Танирбергенова, би жетекшісі Айгерім Утеген, ағылшын, орыс тілі маманы Ақнұр Рысмамбетова, музыка жетекшісі Меруерт Шапихова фестивальге белсене атсалысқаны, педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін «Бейбітшілік әлемі» президенті, «Халықаралық Адам құқығын қорғау коммитетінің» генарал-майоры, Қазақстан және ЕвразияЖазушылар Одағы мүшесі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Әбен Нұрмановтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
    Жеңімпаз бүлдіршіндер Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қаласында өткізілетін ұстаздар, оқушылар мен ата-аналардың «DUBAI World of Peace 2019» Халықаралық өнер фестиваліне, ғылыми конференциясына , «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясындағы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің мерейтойына арналып Нұр-сұлтан, Алматы қаласында өтетін оқушылар мен жасөспірімдердің «Мәңгі ел – Қазақстаным!» өнер фестивалі мен ғылыми конференциясына шақыру құрметін иеленді.

Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.
28 наурыз 2019 ж. 2 206 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930