Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әнге айналған – туған жер

Әнге айналған – туған жер

Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жергілікті сазгер, ұлағатты педагог-ұстаз Тайып Балымбетовтың 60 жасқа толған мерейтойына орай «Әнге айналған – Туған жер!» атты облыстық сазгерлер байқауы өткізілді.

Шара барысында өнер иесіне арналған «Өрісті өнер – өнегелі өмір» атты көрме ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев сөз сөйлеп, аудан әкімінің жылы лебізге толы құттықтауын табыс етті. Бұдан әрі Тайып Құрманұлының мерейтойлық мерекесіне ­байланысты шығарылған «Жан сырласым – сазды әнім» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітаптың жарық көруіне Қазалы ауданының Құрметті ­азаматы, аудандық мәслихат депутаты Бекқали Бекбауылов демеушілік көрсетті. Белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов, композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі Сәбит Ұлықпанұлы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Бағдагүл Есмұрзаева қазылық еткен облыстық сазгерлер байқауына 22 талапкер қатысты.
Өнер бәйгесінің қорытындысында Қызылорда қаласынан келген Ғайния Дауылбаева әріптестерінен оза шығып, бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орын бекарыстанбилік Бектұрған Жібекәліге бұйырды. Екінші орынды қазалылық Серік Төлеу мен қызылордалық Үкітай Ерниязов еншіледі. Үшінші орынды Қазалы, Сырдария, Шиелі ауданынан қатысушы Серік Отаралиев, Марат Қошық, Нариман Мизамбаев өзара бөлісті.
Ауыл сахнасын сазды әуенге бөлеген мерейлі сәт Тайып Құрманұлының «Жан сырласым – сазды әнім» атты шығармашылық кешіне ұласты.
Онда жергілікті сазгердің «Аймаралдым» әнін Асылан Оралбаев, «Бөпешім» әнін Гүлжан Сауқымова, «Қарындасыма» әнін Әлібек Айдар, «Наурыз келді» әнін «Асыл аналар» тобы, «Қазақстан» әнін балалар хор ұжымы, «Аңсағаным» әнін Жұмагүл Байділдаева, «Туған жер» әнін Арайлым Байзақ, «Ақ келін» әнін Анар Әділова, «Ерке қыз, «Досым-ау», «Қазақ едік» әнін Қаһарман Тайыпұлы орындап, тыңдарманның ықыласына бөленді. Мерейтой иесіне Майдакөл ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Зинадинұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Садуов, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Құралай Бекжанова, Ү.Түктібаев атындағы №24 мектептің директоры Әділхан Сәдіров, Майдакөл ауылдық клубының меңгерушісі Ермекбай Ағыраев, тағы басқалары ыстық ықыласын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.
Тайып Құрманұлы ұйымдастырушыларға, барлық қатысушы сазгерлерге, ел-халыққа ризашылығын жеткізді.
Бауыржан ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ
07 желтоқсан 2019 ж. 1 880 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930