Алқа мәжілісі өтті
Аудандық мәдениет орталығында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы алқа мәжілісі болып өтті.
Алқаға аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығын дамыту мәдени-продюсерлік орталығының директоры С.Аманкелдиев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің Арал, Қазалы аудандары бойынша кураторы П.Ашанова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі А.Көшербаева, кент, қала, ауылдық әкімдері, мәдениет ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Алқа отырысында бөлім басшысы А.Бөкенбайқызы атқарылған жұмыстар және алға қойған міндеттер туралы есеп берді.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығын дамыту мәдени-продюсерлік орталығының директоры С.Аманкелдиев сөз сөйлеп, жоспарлар талқыға салынып, отырыс соңында мәдениет саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлерге аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов, облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің және аудан әкімінің марапаттарын берсе, С.Аманкелдиев Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығын дамыту мәдени-продюсерлік орталығының атынан алғыс хатымен марапаттады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.