Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өркендеуде фольклорлық ансамбль құрылды

Өркендеуде фольклорлық ансамбль құрылды

Жақында Өркендеу ауылдық клубында «Мәдениеттің бастауы – клубтардан» атты аудандық семинар өтті. ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ауыл мәдениетін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдау көрсетті.
Мәдени басқосуға облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы директорының орынбасары Рая Ділімбетова қатысып, өнерпаздар шығармашылығын бағалады. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев пен Өркендеу ауылдық округінің әкімі Нәби Үргенішбай сала қызметкерлеріне шығармашылық өрлеу тіледі.
Семинар барысында ауылдық кітапхана кітаханашысы Несібелі Нұрадин мәдениет қызметкерлеріне Оғыз мемлекетінің Жанкент шаһарының тарихын баяндап берді. Бұдан соң қонақтар №104 орта мектебі мен №5 "Аққоян" балабақшасы дайындаған көрмені тамашалап, клуб жұмысымен танысты. Сонымен бірге клуб мамандары сахна мәдениеті мен үйірме жұмыстарын жүргізу жолдарын видео роликтер арқылы көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ «Жанкент» фольклорлық ансамблінің тұсауы кесіліп, көркемөнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.
Шығармашылық шарада Рая Дөңесбайқызы мен Болат Әбенұлы семинарды қорытындылап, бір қатар өнерпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.
Б.РСАЛЫ,
Өркендеу ауылдық клубының меңгерушісі
07 тамыз 2019 ж. 1 594 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 156

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031