Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті «Қазалы» газеті редакциясының ұжымы!
Қадірлі оқырман қауым!

Сіздерді Қазалы өңірінің рухани айнасына, оқырмандарының сүйікті басылымына айналған «Қазалы» газетінің 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». 10 жылдық биік белесті бағындырған «Қазалы» газеті бүгінде мемлекеттік саясатты насихаттап, халық пен билік арасын байланыстыратын алтын көпірге айналды.

Сіздер арқылы жұртшылық елімізде, облыста және ауданда жасалып жатқан жұмыстар, қолға алынған бағдарламалар мен жобалар жөнінде дер кезінде хабардар болып отырады. Бұл газет қызметкерлерінің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, істеп келе жатқан жұмысының жемісі.

Қасиетті Қазалы топырағының жасампаз істерге толы шежіресін жазуға «Қазалы» газеті зор еңбек сіңіріп келеді. Аталмыш басылым қай кезеңде қызмет етсе де уақыттың талабына сай өңірдің толымды өзгерістерін паш етіп, өлкенің жылнамасын жасауға сүбелі үлесін қосуда.
10 жылдық асу жолында елдің тыныс-тіршілігін жан-жақты талдап, оқырманға жеткізе білген Сіздердің ел алдындағы қызметтеріңізге ризашылықпен алғысымды білдіремін.

Қазақстанның өркендеуі жолындағы еселі еңбек­теріңізге жеміс тілеймін. Қаламдарыңыз қарымды, жаңалықтарыңыз жағымды болсын!

Ізгі ниетпен, Қазалы ауданының әкімі
Мұрат Ергешбаев
04 қаңтар 2019 ж. 1 592 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031