Арал зауыттары шетелге тонналап балық экспорттады
Өткен жылы 20,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Әсіресе өңдеу өнеркәсібіне салынған қаражат еселеп артты. 2020 жылға дейін 658 инвестициялық жоба жүзеге асуы тиіс. Шетел инвесторлары Атырау облысына ерекше қызығушылық танытады. Өңір басшылығының айтуынша, 2019 жылдың соңына дейін, 31 инвестициялық жоба іске асырылып, 3635 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетіне тың серпін беріп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Бір жылдары даңқы әлемге тараған Арал теңізінің бағы тайып, бәсі төмендеген уақытын аға буын әлі ұмытпаған болар.
Аралдың табанынан ұшқан улы тұз Арктикадағы мұздақтарды ерітіп жатыр деп әлем ғалымдары дабыл қаққан. Сол кездері енді ғана тәуелсіздік алған елімізге бұл мәселені шешу оңай болмады. Мемлекет басшысының бастамасымен 1993 жылы Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылып, теңізді сақтау жобасы қабылданды. Жоба теңіз бен
Арал қаласының арасын 100 шақырымнан 17 шақырымға дейін қысқартуға, бұрын жоғалып кеткен балықтың 22 түрінің теңізге қайта оралуына мүмкіндік берді.
Өткен жылы ауланған 8740 тонна балықтың 3410 тоннасы экспортқа жіберілді. Бүгінгі таңда облыста жылдық қуаты 11 мың тоннадан аса өнім шығаратын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның төртеуі соңғы бес жылда салынды. Сондай-ақ «еурокод» белгісі бар 4 зауыт өнімін экспортқа шығарып отыр. Мәселен, өткен жылы 3410 тонна балық өнімі 9 мемлекетке – Ресей, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Польша, Голландия, Дания, Германия және Қытайға экспортталды. Бүгінде Арал ауданы облыстағы жетекші аудандардың қатарына кірген. Кезінде туған жерінен қимай көшкен ағайын қайта оралуда. Үлкен өндірістер ашылып, жаңа жұмыс орындары іске қосылып жатыр. Уақытында сағымға жұтылған Арал теңізі жыл санап жағалауға жақындап келеді. Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтауды және ортақ фольклорлық мұраларды зерттеуді айрықша тапсырған еді. Аталған мақала кеңінен талқыланып жатқанда алыстан ақжолтай жаңалық жетті. Облыстық «Сыр бойы» газеті жариялаған жаңалыққа назар аударайық. Алтайдан тараған түгел түркінің киесі, қобыздың иесі, ортақ миф пен фольклордың атасы саналатын Қорқыт ата мұрасы адамзат тарихында айрықша із қалдырған құбылыс ретінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. «Қорқыт ата мұрасы: дастан, аңыз және музыка» деген атаумен енгізілген құжат Маврикий Республикасының астанасы Порт-Луисте өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитетінің 13-үкіметаралық отырысында мақұлданып, тиісті шешім қабылданды. Аталған құжат Қазақстанның бастамасымен былтыр наурыз айында ұйымның қарауына ұсынылған болатын.