Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында Арал теңізі күні аталып өтті

Қызылорда облысында Арал теңізі күні аталып өтті

Қызылорда облысында Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы және Арал теңізінің күніне арналған мерекелік шаралар өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы облыс әкімдігі мен Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдастыруымен өткен тұрақты даму форумында аталмыш қор құрылған 26 наурызды (2003) «Арал теңізінің күні» ретінде атап өту туралы шешім қабылданған болатын. Арал және Қызылорда қалаларында эколог ғалымдар, теңізді құтқаруға үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен шаралар өтті. Бұған бұрынғы ҚазКСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаев және бұрынғы ҚазКСР Балық шаруашылығы министрі Құдайберген Саржанов, қор өкілдері және "ғасыр жобасының" ұйымдастырушылары қатысты. А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Халықаралық Аралды құтқару қорының мерейтойымен құттықтады. Облыс әкімі Аралды құтқару - Елбасының ерен еңбегі екенін атап өтті.
"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Мемлекет басшысының қарауына Қызылорда облысын тарату және Арал халқын көшіру туралы құжаттар ұсынылды. Алайда, Аралдың жарқын келешегіне сенген Елбасы «ғасыр жобасы» атанған - «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасын ұсынып, өлі теңізге жан бітірді», - деді Қырымбек Көшербаев. Атап өту керек, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының алғашқы кезеңін іске асырудың нәтижесінде Арал аймағында балық шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндік жасалды.
Егер 2003 жылы теңіз бен қаланың аралығы 70 шақырым болса, қазір бұл қашықтық 17 шақырымға дейін азайды. 15 жылда Арал ауданында балық аулау көлемі 83 есеге артты, егер 2003 жылы 83 тонна балық ауланса, 2017 жылы 6 934 тоннаға жетті. Бұрын 7 ғана балық түрі болса, өткен жылы олардың саны 22-ге көбейді. Бұған дейін Аралда 4 балық өңдеу зауыты болса, қазіргі кезде облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Аралдың жандануы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Өнеркәсіптік кәсіпорын саны үшеуден жетіге көбейді. 2003 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 874 болса, 2017 жылы олардың қатары 3266 бірлікке артты. 2003-2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлер саны 2 есеге (9,1 мың шаршы метрден 19,2 шаршыметрге) өсті. Әлеуметтік нысандар - мектеп, ауруханалардың саны да артты. 15 жылда Арал ауданында 29 медициналық мекеме және 31 мектеп салынған. 2003 жылы 7 балабақша болса, қазір 52 бөбекжай жұмыс істейді. Қазіргі кезде Арал ауданында 78 мың адам тіршілік кешіп жатыр.
inform.kz

27 наурыз 2018 ж. 2 389 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930