Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда музейлердің рөліне арналған конференция өтті

Қазалыда музейлердің рөліне арналған конференция өтті

Қызылорда облысы Қазалы қаласында Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің 50 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәдени шара облыстық және аудандық қолөнер шеберлерінің көрмесімен танысудан басталды. Көрмеде Жаңақорған, Шиелі, Арал аудандары мен Қазалы ауданынан «Жас прожект» жобасы бойынша жеңімпаз атанып, жұмысын бастаған «Мархаббат» қолөнер шеберлері орталығының бұйымдары қойылды. Көрмеге келген көпшілік ағаштан ойылып жасалынған қобыз, домбыра, бесік, санамақ секілді мүсіндер мен ұлттық нақышта тігілген киіз үй жабдықтарын, құрақ көрпе, жастық, төсеніштерді тамашалады.
Шеберлер қолынан шыққан әр бұйымның терең мағынасы, айтар сыры бар. Бірінен бірі өткен жауһар дүниелерді жасаушылардың бірі - аралдық Шайхы-Ислам Мағауияұлы.
«Алты жасымнан бастап саз балшықтан төрт түлік мүсінін жасап келемін. Белгілі қолөнер шебері Құдайберген Құлманбетовті ұстазым санаймын. Қазалы аудандық өлкетану музейіне өзім жасаған сауытты сыйға тартқанмын. Салмағы жеті келі болатын сауыт 18 мың сақинадан тұрады. Оны 18 күн бойы тоқығанмын», - дейді Ш.Мағауияұлы.
Шиеліден келген Қаныкүл Беденқұлова киіз үй жабдықтарының қас шебері. Оның қолынан шыққан басқұр, алаша, шашақ бау, уық бау, түкті кілем, тақыр кілем бүгінгі көрменің көркін аша түсті.
«Мектеп қабырғасында жүргенде анамнан тоқыма тоқудың қыр-сырын меңгеріп, жіп иірудің жөн-жосығын үйренгенмін. Қазір зейнет жасындамын. Әже болғасын қол қусырып қарап отыруға болмайды. Қазақтың ұлттық қол өнерін жандандырып, салт-дәстүрін кеңінен насихаттауды өзіме парыз санаймын», - дейді тігінші.
Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы музейлердің рөлі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-танымдық конференция болды. Онда аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің директоры Роза Асанова да конференцияның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.
«Музей - ғылым мен білімнің, өркениет пен тарихтың, алтын ордасы. Өткенімізбен болашағымызды байланыстыратын алтын көпір. Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың құрметіне ашылған мемориалдық музей 1968 жылы 7 қарашада негізін қалады. Музей ғимаратына Қазалы қалалық бірінші сайланған еңбекшілер депутаттарының кеңсесі болған үй берілді. Бұл ғимарат облыстық дәрежедегі тарихи-мәдени ескерткіштер қатарында. Ауданда музей ашуды қолдаған, сол кездегі Қазалы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары Теңел Жұмабаевтың еңбегі зор. Ғанидың тікелей зерттеушісі Сейілхан Асқаровтан материалдар алу арқылы музейдің іргетасы қаланған. Бұл кісілердің еңбегін айтпай кетуге болмас», - дей келе, музейді басқарған директорлардың еңбегіне тоқталды.
Конференцияға тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Тәттігүл Қартаева, тарих ғылымдарының phd докторы Әзілхан Тәжекеев, Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Гүлсара Сейілова, мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің аға ғылыми қызметкері Жазира Шілдебаева, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Сайлау Асхат және басқа да ғалымдар мен өлкетанушылар қатысып, ғылыми пайымдарын ортаға салды.
11 қараша 2018 ж. 1 197 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930