Амал келді, жыл келді

Қаз-қатар тігілген ақшаңқан үйлерде қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдер көрмесі көңілден шықты. Көпшілік ұлттық тағамдардан дәм татты. Жастар арқан тартысып, гір тасын көтеруден жарысты.
Шара аясында жастар «Нұрлы Наурыз» атты флешмоб ұйымдастырды. Сыр сүлейлерінің ізін жалғаған жыраулар арнау айтып, жас ақындар «Наурыз» айтыста бақ сынады.
Мереке аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалында қолөнер шеберлерінің «Қобыз үні» атты көрмесі өтті. Аймақтың 50-ге жуық шебері қатысқан көрмеге ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдар, музыкалық аспаптар қойылды. Қобызшылар күйден шашу шашты. Қауышу күні туралы сахналық қойылым көрсетілді.
«Қазалы» ақпарат.