Бұлтты әрі жаңбырлы: 6 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады
Елдің бірнеше өңірінде жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы +3 пен +24 градус аралығында болады

Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com
6 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. 20 қаланың 10-ында жауын-шашын болмайды, ал үш қалада жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпін алуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +3 пен +24 градус аралығында болса, түнде -5 пен +10 градус аралығында болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, күннің соңында аздаған жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +1...+3, күндіз +10...+12 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1...+3, күндіз +15...+17 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде +8...+10, күндіз +21...+23 градус.
Ақтөбеде бұлтты. Түнде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Жел екпін алады. Түнде -1...-3, күндіз +3...+5 градус.
Ақтауда бұлтты, түнде жаңбыр жауып, жел екпін алады. Түнде +5...+7, күндіз +10...+12 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпін алады. Түнде 0...+2, күндіз +7...+9 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2...+4, күндіз +12...+14 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел екпін алады. Түнде -1...-3, күндіз +11...+13 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, жел екпін алады. Түнде +3...+5, күндіз +8...+10 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1...+3, күндіз +14...+16 градус.
Қостанайда бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, жел екпін алады. Түнде және күндіз +4...+6 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +6...+8, күндіз +18...+20 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Түнде -2...-4, күндіз +9...+11 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жел екпін алады. Түнде +1...+3, күндіз +7...+9 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4, күндіз +8...+10 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -3...-5, күндіз +15...+17 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3...+5, күндіз +22...+24 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7, күндіз +18...+20 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр аралас қар жауады, күндіз аздаған жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жел екпін алады. Ауа температурасы түнде -2...-4, күндіз +3...+5 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -2...-4, күндіз +6...+8 градус.













