Отан алдындағы борыш – қасиетті парыз

Бүгін Қазалыда Отан алдындағы борыштарын өтеуге әзір азаматтарды әскерге шығарып салуға орай патриоттық шара өтті.
Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі «Тағзым» аллеясында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев, аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Бекзадаев, ауған соғысының ардагерлері және әскерге аттанушы азаматтардың ата-аналары мен аудан жастары қатысты.
Патриоттық шарада Жәнібек Алиев сөз сөйлеп, әскерге аттанғалы тұрған азаматтарға Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, ержүрек, қайсар азамат болып оралуларына шынайы тілектестігін білдірді.
Айта кету керек, көктемгі мерзімді әскерге шақыру маусымы басталғалы, Қазалы ауданынан 67 азамат әскерге аттанса, бүгін тағы да 14 азамат Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанды. Бүгінгі әскерге аттанған 14 азаматта Алматы қаласындағы 7552 әскери бөліміндегі Ұлттық ұлан сапында әскери борыштарын өтейтін болады.