Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салтанатты рәсім – сарбазға сенім

Салтанатты рәсім – сарбазға сенім

Қай заманда да елдің қорғаны болу – үлкен абырой, асыл міндет саналған. Ұлан-ғайыр атырапты мекен еткен қазақ халқы үшін бұл ұғым – өмір сүрудің өзегіне айналған. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның бейбіт аспаны, аманатын арқалаған әрбір жастың иығына ел алдындағы жауапкершілік артылып отыр.
Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде күзгі мерзімді әскери шақырылым науқаны қызу жүріп жатыр. Солардың қатарында аудан жастары да бар. Жуырда Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі «Даңқ» аллеясында әскерге аттанатын азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығының м.а. Дінмұхаммед Бекзадаев, ауған соғысының ардагері, Қызыл жұлдыз орденінің иегері Күмісбай Серікбаев, сондай-ақ әскерге шақырылғандардың ата-аналары мен жергілікті жастар қатысты.
Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов жас сарбаздарға сәттілік тілеп, әскери борышты өтеудің азаматтық жауапкершілік пен елге адалдықтың белгісі екенін баса айтты.
– Әскери қызмет – тәртіп пен ерлік мектебі. Бұл – сіздердің өмірлеріңіздегі маңызды белес. Ата-аналарыңыздың, туған жердің аманатын абыроймен атқарып, ерлікке лайық ұл болыңыздар, – деді ол.
Сондай-ақ ол әскери қызметін толық және адал өтеген жастар үшін еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарына арнайы жеңілдіктер қарастырылғанын айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталды.
Әскери міндетке аттанғалы тұрған жастардың бірі Бағдаулет Көшербай жиын барысында барша жиналғандарға алғыс білдіріп, отан алдындағы борышын адал атқаруға уәде етті. Өз қатарластарын әскери қызметке шақыра отырып, ел мен жер алдындағы жауапкершілікті ұғыну керектігін жеткізді.
Қазалы ауданынан биылғы күзгі шақырылымда 10 азамат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде борышын өтейтін болады. Бұл – тек әскери қызмет қана емес, стратегиялық маңызды аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін міндет.
Арайлым ЖҮСІПОВА
06 қыркүйек 2025 ж. 27 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 24

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 28

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930