Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Ардақты ағайын!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні - адам жанына ізгілік пен мейірім нұрын шашып, бір-бірімізге деген ыстық ықылас пен сыйластық пейілімізді, адамгершілік қасиетімізді асқақтата түсетін ерекше мереке.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеу арқылы береке-бірлігімізді бекемдей түсетінімізді айтты.
Бүгінде еліміз Мемлекет басшысының бастамасымен ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып отыр. Алда өтетін жалпыхалықтық референдум – әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз ұстанымын білдіруге берілген үлкен мүмкіндік. Осы тарихи сәтте қазалылықтар ел бірлігін, тұрақтылық пен дамуды басты құндылық санап, ортақ болашағымыз үшін Жаңа Конституция жобасын қолдайды деп сенемін. Жаңа бастамалар мен жаңашыл өзгерістер туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне қызмет ете берсін.
Бүгінгідей шуақты мерекеде барша еліміздің азаматтары бір-біріне деген риясыз көңілін білдіруде. Қазыналы Қазалы ауданының өсіп-өркендеуі жолында әрбір салада адал еңбек етіп жүрген барлық сала мамандарына, барша қазалылықтарға шынайы алғыс айтамын.
Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Еліміз аман, ырыс-несібелеріңіз мол болсын!
Мереке құтты болсын!
01 наурыз 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031