Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Google Gemini жасанды интеллектіне қазақ тілі қосылды

Google Gemini жасанды интеллектіне қазақ тілі қосылды

Фото: Google Gemini
Google компаниясы өзінің ең озық жасанды интеллект моделі — Gemini жүйесіне қазақ тілін қосты.
Қазақ тілі Gemini-дің 3-буынын іске қосу аясында енгізілген 23 жаңа тілдің қатарына енді.
Енді Қазақстандағы пайдаланушылар Gemini мүмкіндіктерін әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде, өз ана тілінде пайдалана алады. Қазіргі уақытта Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін қолданушылар Google аккаунтының баптауларынан қазақ тілін таңдау жеткілікті.
Алдағы уақытта Gemini-дің Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларына қолдау көрсету, сонымен қатар Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр.
Gemini-дің қазақ тілінде қолжетімді болуы Google компаниясының Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған кешенді жұмысының бір бөлігі саналады. Бұл бастамалар кадрларды даярлауға инвестиция салуды, цифрлық дағдыларды дамытуды және отандық әзірлеушілерді қолдауды қамтиды.
Компанияның бағалауынша, жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға енгізу басқару тиімділігін арттырып, бюджет жүйесінің тұрақтылығын күшейтеді әрі елдің экономикалық өсіміне қосымша серпін береді.
Ал ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаһандық ЖИ шешімдерінің қазақ тілінде қолжетімді болуы цифрлық мемлекетті дамыту, технологиялардың қолжетімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті AI-экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Министрлік алдағы уақытта да жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық өнімдерді локализациялау және жаңа буын мамандарын даярлау бағытында халықаралық технологиялық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастырмақ.
19 желтоқсан 2025 ж. 145 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031