Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер арасында үстел теннисі мен футболдан жарыс өтті

Ардагерлер арасында үстел теннисі мен футболдан жарыс өтті

Бүгін Қазалы ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі және «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлер арасындағы шағын футбол мен үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Жарысқа Байқоңыр қаласы, Арал, Қазалы аудандарынан және Алматы мен Астана қалаларынан арнайы келген жерлес азаматтарымыздан құралған командалардан барлығы 70-ке жуық ардагер спортшылар қатысты.
Аудан орталығындағы «Әмір арена» спорт кешенінде өткен жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, бірлік мерекесі қарсаңында әр түкпірден түлеп ұшқан азаматтардың ынтымақ пен бірлікті ту етіп, ұйымдастырып жатқан игі шараларына сәттілік тіледі.
- Бүгінгі жарыс — жай ғана спорттық дода емес. Бұл — ел бірлігін, достық пен бауырмалдықты, туған жерге деген перзенттік құрметті айшықтайтын тағылымды шара. Осындай игі бастаманың Қазалы топырағында қайта жаңғырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылуы баршамыз үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі турнирге Байқоңыр қаласының ардагерлері, Арал ауданының ардагер спортшылары, Қазалы ауданының ардагерлері, Алматы мен Астана қалаларынан арнайы келген жерлес азаматтарымыздан құралған «Замандастар» командасының мүшелері қатысуда. Бұл — туған жерден жырақта жүрсе де, жүрегі Қазалым деп соғатын азаматтардың елге деген ықыласы мен жанашырлығының айқын көрінісі. Бүгінгі жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсер сыйласын!
Барша командаларға сәттілік тілеймін! Туған жердің мерейі әрқашан үстем болсын, -деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Аудан басшысынан кейін ҰҚК-нің зейнеткер полковнигі, ардагер спортшы Ислам Бекішов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушылар ардагер спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, спорттың футбол, үстел теннисі, волейбол, бильярд секілді түрлерінен ардагерлер арасындағы мұндай жарыстар еліміздің Астана, Алматы, Тараз, Қапшағай, Байқоңыр, Қостанай қалаларында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ал, Қазалы ауданында ардагерлер арасындағы жарыс бұған дейін 2015-2018 жылдары өткізілген. Бүгінде ауданымызда ардагерлер арасындағы спорттық жарыстар қайта жанданып отыр.

02 мамыр 2026 ж. 69 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031