Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім қызметкерлерінің дәстүрлі VI спартакиадасы мәресіне жетті

Білім қызметкерлерінің дәстүрлі VI спартакиадасы мәресіне жетті

Жаңақорған ауданы, Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен Білім қызметкерлерінің дәстүрлі VI спартакиадасы болып өтті.
Дәстүрлі спартакиада аясында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданы және Қызылорда қаласының ұстаздарынан құралған 8 команда бақ сынасты. Аталмыш спартакиада "Тоғызқұмалақ", "шахмат", "үстел теннисі", "шағын футбол", "баскетбол", "волейбол" спорт түрлерінен өткізілді. Төрт күнге созылған тартысқа толы дүбірлі спорттық дода нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте жүлделі І орынды Қызылорда қаласының ұстаздарынан құралған команда иеленсе, жүлделі ІІ орынды Шиелі ауданының ұстаздары жеңіп алса, жүлделі ІІІ орынға Қазалы ауданынан келген ұстаздар жайғасты.
Сонымен қатар дәстүрлі спартакиадаға әділ төрешілік жасағандары үшін төрешілер де алғыс хатпен марапатталды. Сыр елінің спортшы ұстаздарына шығармашылық табыс пен мол жеңіс және алда өтетін республикалық мұғалімдер спартакиадасына сәттілік тілейміз.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
25 қыркүйек 2023 ж. 203 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930