Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн суытады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Күн суытады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

ормандағы тұман
Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 10, 11 және 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, 10-12 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтіледі. Сонымен қатар еліміздің оңтүстігінде жылы ауа райы сақталады.

Қай өңірлерде күн суытады?

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Жауын-шашынды, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейетін тұрақсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды.
Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында температура +13+23 градусқа дейін, орталық аймақтарда +15+25 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстікте жылы ауа райы сақталады

Қазақстанның оңтүстігінде алдағы күндері жазғы жылылық сақталады. Оңтүстік-шығыста 12 қыркүйекте жаңбыр жаууы мүмкін.
Еліміздің батысында циклон өткеннен кейін жауын-шашын бәсеңдеп, ауа райы біртіндеп тұрақталады. Мұнда керісінше күн жылынып, температура +20+28 градусқа дейін көтеріледі.


09 қыркүйек 2026 ж. 22 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930