Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жойылып кетуі мүмкін мамандықтар аталды

Қазақстанда жойылып кетуі мүмкін мамандықтар аталды

Фото:depositphotos.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жойылып кетуі мүмкін мамандықтарды атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Еңбек министрлігінің басшысы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Ертаевтың айтуынша, жасанды интеллект қазақстандық еңбек нарығын қарқынды түрде өзгертіп жатыр. Нәтижесінде кейбір мамандықтар жойылып, басым бөлігі трансформациялануы мүмкін, сонымен бірге мүлдем жаңа қызмет бағыттары пайда болады.
"Кейбір мамандықтар жойылады. Олар - мәтін өңдеушілер мен терушілер, деректерді енгізу қызметшілері, корректорлар. Мамандықтардың көпшілігі трансформацияға ұшырайды. Мүлдем жаңа қызмет бағыттары пайда болады", - деді министр Ертаев.
Сонымен қатар Қазақстанның жаңа кадрларға деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Алмастыру сұранысын ескергенде, 2035 жылға қарай экономикаға 2,9 миллион қызметкер қажет болады, оның 1,8 миллионы - жұмысшы мамандықтарының өкілдері.
Еңбек министрінің айтуынша, ең көп сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында күтіледі.
"Осыған байланысты сұранысқа ие мамандықтар тізімі 51-ден 174-ке дейін жаңартылып жатыр. Бұлар - инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнологиялар, жасыл энергетика және ядролық энергетика", - деді министр Асқарбек Ертаев.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы жұмыс күшінің саны 9,8 миллион адамды құрайды, оның 9,4 миллионы жұмыспен қамтылған. Электрондық еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындарының жартысынан астамы жұмысшы мамандықтарына тиесілі.
Ертаевтың сөзінше, технологиялық өзгерістер жағдайында кадрларды даярлау жүйесі озық режимде жұмыс істеуі тиіс: келешегі бар мамандықтарды алдын ала анықтап, біліктіліктер мен білім беру бағдарламаларын жедел жаңартып отыру қажет.
Мән-жай
Бұған дейін Еңбек министрлігі жасанды интеллектінің дамуына байланысты ең алдымен ақпаратты күнделікті өңдеумен және қайталанатын операциялармен айналысатын мамандықтардың қауіпті аймақта екенін хабарлаған болатын. Олардың қатарында хатшылар, көмекшілер, операторлар, іс жүргізушілер және есепшілер аталды.
08 қыркүйек 2026 ж. 12 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930