Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жұмыс адамды өзі табады“. Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды

“Жұмыс адамды өзі табады“. Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда жұмыспен қамтудың цифрлық форматы енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, - деп хабарлайды.
Жаңа модельдің негізгі қағидаты: адам жұмысты іздемейді, жұмыс адамды өзі табады. Жүйе жұмыс берушілердің өтініші негізінде жұмысқа мұқтаж азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Содан кейін оларға eGov және Enbek.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе 1414 нөмірінен тиісті хабарлама жіберіледі.
"Жасанды интеллект азаматтың жеке ерекшелігін ескеріп, өңір ішінде де, одан тыс жерде де жұмыс орындарын іріктейді. Сонымен қатар, азаматтарға оқыту курсынан өту және қайта даярлау, қоныс аудару мүмкіндігін ұсынады. Нәтижесінде азамат тұрақты жұмысқа орналасқанға дейін көмек көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Шілдеде бұл сервис Павлодар облысында енгізілген. Жұмысқа орналастыру бойынша 39 мың хабарлама жіберілген. Бұл кезеңде өңірде 962 адам жұмысқа орналасқан.
Қыркүйекте бұл сервисті Маңғыстау облысында енгізу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін сервис еліміздің барлық 20 өңіріне енгізіледі. 
11 тамыз 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31