Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖИ Қазақстанда кімдерді жұмыссыз қалдырады?

ЖИ Қазақстанда кімдерді жұмыссыз қалдырады?

ЖИ Қазақстанда кімдерді жұмыссыз қалдырады?Фото: ЖИ
2035 жылға қарай мамандықтардың жартысына жуығы, яғни 44%-ы жасанды интеллекттің ықпалымен трансформацияланады. Кейбір мамандықтарға сұраныс азаяды, ал жұмыс орындарының шамамен 4%-ы, яғни 46 кәсіп қысқарады, 14-і мүлде жойылады. Бұл – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

СҰРАНЫС НЕГЕ АЗАЯДЫ?
26 сәуірдегі үкімет сағатында Еңбекмин өкілі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болатынын айтты. Қазірдің өзінде бар, алайда кең таралмаған кәсіпке бірнеше жылдан соң сұраныс артпақ. Ғылым және жоғары білім министрлігі осыны ескеріп, 700-ге жуық оқу бағдарламасын жаппақ. Саясат Нұрбектің айтуынша, көпшілігінің мазмұны ескірген, қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай емес.
– 73 мыңнан астам қазақстандық компаниялардан, бүкіл заңды тұлғалардан арнайы сауалнамасын жүргізіп бітірдік. Соның негізінде 700-ге жуық оқу бағдарламалары мүлдем ескіргені анықталды. Ол мамандықтардан лицензияларын алып, қабылдауға тыйым саламыз. Яғни біз ұлттық реестрден алып тастаймыз. Ол мамандықтарда оқып жатқан балаларға оқуларын тәмамдауға, бітіруге мүмкіндік береміз. Ол әділетсіз болады, бірден тоқтатуға болмайды. 2-3 жылдың ішінде тоқтайды,– деді Саясат Нұрбек. 
Салалық министрліктің дерегінше, 2035 жылға қарай мамандықтардың жартысына жуығы, яғни 44%-ы жасанды интеллекттің ықпалымен трансформацияланады. Кейбір мамандықтарға сұраныс азаяды, ал жұмыс орындарының шамамен 4%-ы, яғни 46 кәсіп қысқарады, 14-і мүлде жойылады.
Сонымен қатар технология мен экономиканың тоғысқан тұсында жаңа бағыттар пайда болуда. Алдағы жылдары дәл осындай мамандарға сұраныс арта түседі.
Сарапшылардың пікірінше, мұның бәрі білім беру жүйесінен цифрландыру мен автоматтандыру жағдайында жұмыс істей алатын кадрларды даярлауды талап етеді.
МАМАНДАРДЫ ҚАЙТА ОҚЫТЫТЫЛАДЫ
Ал бүгін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бірінші орынбасары Ростислав Коняшкин жасанды интеллектіні белсенді енгізу мен қолдануға байланысты жұмыссыздықтың артуы туралы пікір білдірді. 
– Өкінішке қарай, мен уәкілетті лауазымды тұлға ретінде қандай да бір болжамдарға сүйене алмаймын. Айтып өткенімдей, қазіргі таңда сіздерге нақты көрсеткіштерді ұсына алмаймын, өйткені ондай деректер менде жоқ. Бұл талдауды Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатыр. Егер кейбір адамдардың болашақта жұмысын өзгертуі мүмкін екенін айтсақ, дәл осы үшін біз жасанды интеллект құралдары мен цифрлық әзірлемелерді меңгеруге жаппай оқытуды іске қосып жатырмыз. Соның ішінде кадрларды қайта даярлау жүргізілетін Халықаралық жасанды интеллект орталығы да ашылды, – деді Ростислав Коняшкин.
Сондықтан, оның пікірінше, жасанды интеллект еңбек нарығына айтарлықтай әсер етпеуі тиіс.
–Біздің ойымызша, бұл айтарлықтай әсер етпеуі керек. Яғни еңбек нарығы ең көбі қайта құрылымдалады. Біз жаппай қысқартуларды, жұмыстан босатуларды немесе жұмыссыздықтың күрт өсуін күтпейміз. Керісінше, еңбек нарығы қайта құрылымдалып, кейбір қызметкерлер тар салалық бағыттардан цифрландыру мен әртүрлі салалардың тоғысқан жаңа бағыттарына ауысады, – деді Ростислав Коняшкин.
28 сәуір 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930