Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2030 жылға қарай жойылып кетуі мүмкін сегіз мамандық аталды

2030 жылға қарай жойылып кетуі мүмкін сегіз мамандық аталды

Фото: Anggalih Prasetya/Shutterstock/FOTODOM
2030 жылға дейін елімізде сегіз мамандық толықтай жойылуы немесе бұл салаларда жұмыс күшінің күрт қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы ІМЭС университетінің экономика және басқару кафедрасының доценті Люза Байгузина мәлімдеді.
Жойылуы ықтимал мамандықтар тізіміне мыналар кіреді:
  • Колл-орталық операторы;
  • Кассир;
  • Қойма қызметкері;
  • Баспахана жұмысшысы;
  • Ескірген техниканы жөндейтін механик;
  • Аграрлық сектор мамандары;
  • Бухгалтер;
  • Журналист.

Неліктен бұл мамандықтар жойылуы мүмкін?

Сарапшының айтуынша, алғашқы үш мамандық – колл-орталық операторы, кассир және қойма қызметкері – автоматтандыру мен жасанды интеллект сияқты технологиялардың дамуы нәтижесінде өзектілігін жоғалтады.
Бүгінде көптеген қызмет түрлері автоматты жүйелермен алмастырылып жатыр. Бұл үрдіс болашақта тек күшейе түседі, – деді Байгузина.
Баспахана жұмысшылары мен ескі техниканы жөндейтін мамандар да қиындыққа тап болуы мүмкін. Себебі өндірістік салалар жаңа технологияларға көшіп жатыр, ал ескі жабдықтарды қолдану барған сайын азаюда.
Ауыл шаруашылығына қатысты да өзгерістер күтілуде. Фермерлік пен агротехнологиялардың дамуы нәтижесінде дәстүрлі ауыл шаруашылығы әдістеріне сұраныс азаяды.
Бухгалтерия саласында да елеулі өзгерістер орын алады. Қазіргі таңда көптеген есеп жүргізу процесін арнайы бағдарламалар мен автоматтандырылған жүйелер атқара алады. Бұл әсіресе төмен білікті бухгалтерлерге қатысты.
Журналистика саласы да цифрлық трансформациядан тыс қалмайды. БАҚ-тың онлайн платформаға көшуі мен деректерді өңдеудің заманауи әдістерінің пайда болуы дәстүрлі журналистикаға деген сұранысты төмендетуі мүмкін.

Сирек кездесетін мамандық – жоғары жалақы кепілі емес

Экономистің айтуынша, кейбір мамандықтардың сирек кездесуі олардың жоғары жалақымен қамтамасыз етілетінін білдірмейді. Егер мамандық сирек болса, бірақ жоғары біліктілік талап етпесе, жалақы деңгейі өзгермеуі мүмкін.
Алайда жасанды интеллект, биоинженерия сынды салаларда жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар үшін еңбекақы жоғары болып қала береді. Байғұзина атап өткендей, заманауи нарық талаптарына сәйкес арнайы білім мен дағдыны қажет ететін кәсіптер болашақта аса сұранысқа ие және жоғары бағаланатын болады.
Бұған дейін жасанды интеллект қылмыстың алдын алуға көмектесетіні туралы жазған едік.
23 шілде 2025 ж. 173 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031