Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға Ираннан +41°С-қа дейінгі аптап ыстық келеді

Қазақстанға Ираннан +41°С-қа дейінгі аптап ыстық келеді

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 12:18Фото: freepik
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. Соның салдарынан елде аптап ыстық әрі негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Алайда болжамды кезеңнің соңына қарай республиканың батысы мен солтүстік-батысына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.
Бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
"Кезеңнің басында Қазақстанның шығысында, сондай-ақ барлық күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында оңтүстік циклонның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Сонымен қатар ел аумағын аптап ыстықтың кезекті толқыны басады.
Иран аумағынан келетін жылы ауа массалары ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне себеп болады:
  • солтүстік пен шығыста ауа температурасы +35...+39°С-қа дейін;
  • оңтүстікте +35...+41°С-қа дейін;
  • батыс және орталық өңірлерде +36...+41°С-қа дейін көтеріледі.
Бұған дейін "Қазгидромет" Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын ескерткен еді.
07 тамыз 2026 ж. 143 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 42

Ертеңі жақын еңселі ел

24 қазан 2026 ж. 47

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031