Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады.
Фото: PixabayФото: Pixabay
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілсе, батыс, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауып, екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, 9 шілдеде мұндай ауа райы шығыс өңірлерге ауысады. Бұл аймақтарда да нөсер жаңбыр мен найзағай болжанады, алайда кейін жауын-шашын тоқтап, күн ашылады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.
— Күндіз ауа температурасы еліміздің басым бөлігінде қатты және өте қатты ыстықтың шегіне жетеді. Батыс пен оңтүстік-шығыста сынап бағаны +42 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде +40 градусқа дейін ысиды. Оңтүстік облыстарда аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +45 градусқа дейін жетеді. Шығыс өңірлерде де +38 градусқа дейін ыстық болады, — делінген хабарламада.

09 шілде 2026 ж. 173 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31