Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел қондырған Есілдің жағасына...

Ел қондырған Есілдің жағасына...

Жазғы каникулдың ортасы. Атам екеуіміз вокзалдамыз. Ол кезде «Астанаға барамыз» деген сөздің өзі үлкен оқиға еді. Атам жүрдек пойызға билет алу үшін таң ата вокзалға барып, сол кездегі ұзын-сонар кезекте сағаттап тұрды. Ақыры билетті қолына алғандағы қуанышы әлі есімде. Пойыздың тақ-тақ еткен дауысымен бірге, менің де қиялым алы-ы-ыстағы, жаңару үстіндегі бас қалаға қарай қанат қаққан еді...

Сол сапарда көрген алғашқы Астана мен бүгінгі зәулім қала – жер мен көктей. Сол жылдары Есілдің жағасындағы дала төсіндегі ғимараттар енді ғана бой көтеріп жатқан. Көптеген адамдар бұл қалаға жастық жігерімен, үлкен үмітпен келді. Атамыз айтпақшы, қаланың бойындағы тылсым күш, болашаққа деген нық сенім бізді сол кезден-ақ баурап алған болатын.Есіл жағасында серуендеп жүріп, осыдан жылдар бұрын ғана жалаңаш дала болған жерлерде бүгін әлемдік деңгейдегі сәулет өнерінің інжу-маржандарының өсіп тұрғанына қарап, еріксіз таңғаласың. Бұл – әр қазақстандықтың еңбегінің, халықтың бірлігінің жемісі.Иә, үлкендер айтпақшы, бас қаланы көрген де бар, көрмеген де бар. Бірі Бәйтеректің сұлулығын тамашаласа, енді бірі көркіне көз тойдыра алмай, бара алмай жүр. Осыншалықты арман болған астананың адам тартар сыры неде?
Астана – қазақ елінің бас қаласы, әлемге танылған жас қала. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапқан. Бозақ қазіргі астанадан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденді. Сол кездегі әйгілі Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналды. Әрі Бозақ қыпшақ билеушілерінің ордасы болған. Міне, Елбасының астана орнын арқа төсіне таңдауы кездейсоқ емес. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Ресми көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда жүзеге асып, 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлықпен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Осылай алғаш Елордаға барып зәулім-зәулім ғимараттар бүккен сырын аша бастады.
Елорданың символына айналған «Бәйтерек» кешені қаланың тұмары іспеттес. Астана дегенде ең алдымен ойға оралатыны да осы жер. Қаладағы биік-биік ғимараттардың көп екені рас. 2026 жыл стратегиялық маңызы бар нысандардың ел игілігіне берілуімен және қалалық ортаның сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілмек. Мәселен, ұзақ жылдарға созылған жобалардың түйіні тарқатылып, Астананың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыратын тың бастамалар іске қосылды. Жұртшылық асыға күткен LRT жобасы 2026 жылдың көктемінде халық игілігіне берілді. Көп жылға созылған бұл құрылыс нысаны ресми түрде қоғамдық көлік ретінде есігін ашты. Ақордаға қарама-қарсы бетте, Есіл өзенінің жағасындағы көпір маңында Мемлекеттік қабылдау үйі бой көтеруде. Құрылысы аяқталуға жақын бұл нысан жоғары деңгейдегі мәртебелі меймандарды қабылдауға арналған. Биыл көптен күткен «Мыңжылдық» (Мынжылдык) аллеясын абаттандыру жұмыстары басталады. Бұл жоба Жаңа вокзал маңындағы құрылыстардың сәулеттік үйлесімін түбегейлі өзгертеді. Осы уақытқа дейін қоғамдық кеңістіктерден кенде қалып келген бұл аудан заманауи кейіпке енеді.1936 жылы іргесі қаланған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның орнына салынған жаңа жабық арена биыл пайдалануға беріледі. 3 600 орындық бұл нысан қыс мезгілінде де спорттық шаралар мен жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, жердің нысаналы мақсаты сақталып, көрермен сыйымдылығы артады.«Даму» (Damu Park) саябағы: Әл-Фараби даңғылы мен Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында (Capital park ауданы) орналасқан бұл саябақ 2026 жылдың жазында ашылады. Ұлттық ғарыш орталығы маңында жаңа рухани-ағартушылық кешені бой көтереді. 2025 жылы Патриарх Кирилл негізін қалаған бұл жобаның алғашқы ғимараты биыл дайын болады. Болашақта мұнда мектеп, балабақша, медициналық және әкімшілік мекемелерді қамтитын 7 ғимараттан тұратын қалашық пайда болады.Бейбітшілік және келісім саябағы маңында салынып жатқан жаңа Конгресс-холл да 2026 жылы есігін ашады. Депутаттар қалашығына жақын орналасқан бұл нысан тыныш локацияда болуымен ерекшеленеді.
Бір қызығы, Астана халқы жыл өткен сайын артып келеді. Осыдан 28 жыл бұрын адам саны шамамен 300 мыңға жуықтаса, қазір 1 миллион 660 мыңға жеткен. Елордаға көбіне Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындары қоныс аударады. Қаланың даму жоспарындағы болжамға сәйкес, 2035-ші жылға қарай астаналықтардың саны 2,5 миллионнан асуы мүмкін.
6 шілде – Елорданың туған күні. Бүгінде астанамыз дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – елдігіміздің нышаны. Егемен елдің қауызын енді ғана ашқан, жұпарлы жауқазыны. Бас қала арман, қиял мен сан қилы тағдырларды бір арнаға тоғыстырған әсем қала. Өркениет өрісіндегі біздің Елорда талайына ерекше естелік сыйлап, талайын жылы құшағымен жылытқан қала. Туған күніңмен, бас қала!

Айнұр ӘЛИ
04 шілде 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031