Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биіктей бер, бас қала!

Биіктей бер, бас қала!

Фото: ашық дереккөзден алынды
Елорда – сан-қилы арман мен мақсатты жүзеге асырып, сан-түрлі тағдырларды тоғыстырған мекен. Бас қаланың бүгінгі көзтартар көркі көңілге қуат, жанға шуақ сыйлайды. Заман талабына сай үндесе көтерілген биік-биік ғимараттар алыстан-ақ менмұндалайды. Ертең – Астана күні.
Астана – қазақ елінің бас қаласы, әлемге танылған жас қала. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапқан. Бозақ қазіргі астанадан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденді. Сол кездегі әйгілі Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналды. Әрі Бозақ қыпшақ билеушілерінің ордасы болған. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Ресми көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда жүзеге асып, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Осылай алғаш Елордаға барып зәулім-зәулім ғимараттар бүккен сырын аша бастады.
6 шілде – Елорданың туған күні. Бүгінде астанамыз дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – елдігіміздің нышаны. Егемен елдің қауызын ашқан жауқазын. Өркениет өрісіндегі Елорда талайына ерекше естелік сыйлап, талайын жылы құшағымен жылытқан қала. Туған күніңмен, бас қала!
Айнұр ӘЛИ
05 шілде 2025 ж. 33 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031