Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Менің жасыл қалам

Менің жасыл қалам


Мен тұратын қала – мен үшін ең әдемі, ең ерекше мекен. Бірақ мен оны жай ғана әдемі емес, "Жасыл қала" еткім келеді. Қала дегеніміз – тек биік ғимараттар мен көліктер емес. Ол – біздің ортақ үйіміз. Ал үйіміз таза, жайлы, әрі жасыл болуы керек.
Егер қаланың көшелерінде ағаштар көп болса, ауамыз таза, көлеңкеміз мол болады. Егер гүлдер,ағаштар егілсе, айналамыз әдеміленіп,таза ауада  көңіліміз көтерілер еді.Аулада гүлдер жайқалса,қаламыз көркейе түседі. Менің ойымша, әр адам өз қаласын жасылдандыруға үлес қоса алады. Ол үшін көп нәрсе қажет емес. Қоқысты жерге тастамау – табиғатты құрметтеудің алғашқы қадамы. Ағаш отырғызу – қалаға жасаған ең үлкен жақсылық. Гүл мен шөпті таптамай, керісінше, оны қорғау – әр адамның міндеті.
Егер біз барлығымыз бірігіп, ағаш отырғызып ,ауламызды көгалдандырсақ, қаламыз нағыз Жасыл қалаға айналар еді.Құстар сайрап,ауамыз тазарып,адамдар табиғат аясында серуендейтін тамаша орынға айналар еді. Мен болашақта қаламның жасыл, таза, жайлы болғанын қалаймын.
                                     Ернұр Амангелді,
Қазалы қаласы, Ғ. мұратбаев атындағы
№17 орта мектеп оқушысы
27 наурыз 2025 ж. 281 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930